Шымкентте қараусыз тұрған қорғасын зауытының әкімшілік ғимараты өртенді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкентте қараусыз тұрған  қорғасын зауытының әкімшілік ғимараты өртенді. Жалын шыққанын көріп қалған куәгерлер өрт сөндірушілерді шақыртқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.    

Өрт сөндірушілерге хабарлама кеше кешке сағат 19.00 шамасында түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше жалын сөнген. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Зарипа Тұрысбекованың айтуынша жалын әкімшілік ғимаратынан шыққан. Бірақ жан-жағына таралмаған. Зауыт біраз уақыттан бері қараусыз тұрған соң ол жердегі өрт төтенше жағдайлар департаментіне тіркелмеген. Яғни, тиісті талаптар бойынша иесі жоқ нысандар өртенгенде тіркеуге алынбайды екен. Сондықтан қандай да бір ақпарат бере алмаймыз, деп отыр. 

Айта кетейік, қорғасын зауытының бұрынғы қожайыны Тұрсынбек Асамбаев несие алған  «Forte Bank» банкіне 11 млрд 601 млн теңгені немесе 61 миллиона долларды қайтармай, зауыттың барлық мүлкі банктің қарамағына өтіп болатын. Соған қарамастан зауыттың бұрынғы иесі заңгері Бауыржан Жақыповпен бірге кәсіпорындағы  мүлікті сатып, талан таражға салғаны үшін кінәлі деп танылған. Нәтижесінде  Тұрсынбек Асамбаевты 6,5 жылға, ал зеңерді 5,5 жылға соттап, мүлкін тәркілеген болатын. Содан бері кәсіпорынның жұмысы тоқтап, ғимарат қараусыз тұрған еді. 

Соңғы жаңалықтар