Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 333.03
EUR 392.61
RUB 5.82
CNY 50.54

Шымкентте қарақшы Каспий банкті тонап кетті

Шымкентте қарақшы Каспий банкті тонап кетті
2017 жылғы 14 қазан 01:32 7424

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Kaspi bank-тің Шымкентте орналасқан бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз адам банкке баса көктеп кіріп, кассасын тонап кеткен. Бұл туралы банктің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келеңсіз жағдай кеше 13 қазан күні кешкі сағат 20:00-дер шамасында болған. Банктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, қарақшылық шабуыл кезінде банк қызметкерлері мен клиенттер зардап шекпеген.

«Белгісіз біреу банкке келіп, тонап кеткен. Осы кезде банк қызметкерлері  дереу дабыл тетігін басып, тәртіп сақшыларына хабар берді. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Банктің қауіпсіздік қызметі қылмыскерлерді анықтау  үшін  барлық ақпаратты беріп, тәртіп сақшыларымен белсенді жұмыс істеуде. Нақты қанша қаржы тоналғаны анықталуда», - делінген Kaspi bankі баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, банк өкілдері қылмыскер туралы білетіндер болса банктің қауіпсіздік қызметіне:  +7 747 388 29 34 нөміріне хабарласуларын сұрады. Құпиялылық болатынына кепіл беріп отыр. Тергеу шаралары жүргізіліп, ұрланған ақшаның соммасы нақтылануда.


Шымкентте қарақшы Каспий банкті тонап кетті

Басты сөздер: Оқиға, Қылмыспен күрес, Банктер, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер