Шымкентте қалалық бағыттарға жаңа автобустар қатынайтын болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қалалық бағыттарға жаңа автобустар қатынайтын болды. Қала әкімдігі мен жолаушы тасымалдаушы компания басшылары кездесіп, алдағы уақытта  3 жылға емес, 10 жыл мерзіміне лизинг бөлу туралы келісімшарт жасауға уағдаласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жергілікті билік бұл бағытта компанияларға өз талаптарын қойды. Мәселен, жолаушы тасымалдаушы компаниялар 140 күннің ішінде өз автопаркін толық жаңартып шығуы тиіс. Бұл қадам банктердің осы компанияларға жаңа автобус сатып алуға несие беріп, лизинг рәсімдеу үшін жасалып отыр.
null

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов автобус паркін жаңалау келісімшарты аясында жаңа 5 «ПАЗ-Вектор» автобусын сатып алған компания  жетекшілерімен кездесті. Енді жаңа автобустар №34 бағытта жолаушы тасымалдайтын болады.

Ал бұдан бір апта бұрын шаһарға жаңа «ГАЗель» шағын автобустары келген болатын. Олар №102 бағытта қатынайды деп жоспарланып отыр. Компания жетекшілері де шағын автобустарды қалалық әкімдікпен келісім аясында сатып алған болатын.
null

Еске салайық, бұған дейін көлік компаниялары басшыларымен кездескен қала басшысы оларға автопарктерді жаңарту қажеттігін ескерткен болатын. Қала көшелерінде ескі автобустарға орын болмайтынын қадап айтып, оларды жаңартқан жағдайда компанияларға қолдау көрсетуге уәде берген еді.
null

Соңғы жаңалықтар