Шымкентте қаладағы ең үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте қаладағы ең ірі сауда және ойын-сауық орталығы болып табылатын «ShymkentPlaza» кешенінің ашылу салтанаты өтті.

null
Заманауи үлгіде бой көтерген кешеннің  ашылу рəсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал бірқатар азаматтар жəне өңіріміздің кəсіпкерлері қатысты.

Шымкенттіктердің қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы Ж.Түймебаев барша тұрғындарды Тəуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойымен құттықтады, деп хабарлайды ОҚО əкімінің баспасөз қызметі.

null  

«Бұл орталықтың ашылуы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында үлкен оқиғаға баланып отыр. Мұны Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін жерлесіміз кәсіпкер Серік Төлбасов мырзаның керемет сыйы деп айтуға болады. Осындай ғимараттар көп бола берсе, қаламыздың сәні кіріп, әрлене түседі. Халқымыздың демалатын орны молая береді. Бұл да болса Елбасымыздың кәсіпкерлікке жасаған қамқорлығының арқасында іске асып отырған дүние», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

null  

Аталған  орталықтың құрылысына  жеке инвестиция жұмсалған.  Халықаралық деңгейдегі ерекше орталықта 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып отыр.  

Жалпы аумағы 48 мың 400 шаршы метрді құрайтын сауда ойын-сауық орталығы қаладағы е ірілерінің біріне айналып отыр. Жобаның құрылысы әлемдік деңгейдегі ірі сауда орталықтарының жобалық авторлары болған әйгілі ұлыбританиялық - Benoy архитектуралық компаниясының әзірлеуімен іске асырылғанын да айта кеткен жөн. 

Енді мұнда «Chopette», «Orchestra»,  «New Yorker»,   «Lichi» сынды әлемдік брендтердің өнімдері саудаланады. Сондай-ақ орталыққа келушілер  әйгілі «KFC» және «Hardees» тамақ өндірушілерінің өнімдерін тұтынатын болады.

null  

Соңғы жаңалықтар