Шымкентте газдан уланған жеткіншектер есін жинады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің Сайрам тұрғын алабында газдан уланған екі жеткіншек есін жиды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова айтты.

Баспасөз хатшының сөзіне қарағанда, бір отбасының  5  және 9 жастағы ұл-қызы ес-түзсіз №1 Шымкент қалалық ауруханасына түскен болатын. Жағдайлары өте ауыр болған соң  жансақтау бөліміне жатқызылған.

«Оларға уланудың ауыр дәрежесі, бас миының ісуі, 3-ші дәрежелі кома диагнозы қойылған. Емдеу мекемесіне шұғыл түрде облыстық токсикологиялық орталығының мамандары шақырылып, науқастар жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Дәрігерлер тарапынан барлық жағдай жасалуының арқасында балалар есін жиып, емдеу бөлімшесіне ауыстырылады»,- дейді Мира Сүлейменова.

Естеріңізге сала кетейік,  бір үйдің үш баласы газдың уланып қалған болатын. Нәтижесінде  екі жасар бүлдіршін  оқиға орнында  көз жұмып, тағы екі бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын. 

Соңғы жаңалықтар