Шымкентте еркін күрестен халықаралық жарыс өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте еркін күрестен халықаралық дода басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дүбірлі жарыс Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рақымовты еске алуға арналып отыр.

Турнирге 300-ден астам жас спортшы қатысуда. Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рақымовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы күнгі бәсекесі  қызу тартыспен басталды. Кілең «сен тұр, мен атайын» деген еркін күрес шеберлері  Шымкент бозкілемінің көрігін қыздырып-ақ жатыр.

1996-1997 жылы туылған өрендер - күнгей өлкеге Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері мен еліміздің өзге аймақтарынан келген. Олардың арасында әлем және Азия чемпионаттарында белдескендері де бар. Осымен XXI рет өтіп жатқан сайыстың алғашқы күнгі жеңімпаздары мен жүлдегерлері де мәлім.

Бүгін жиналған жұрт 4 салмақ дәрежесі мен 96 келідегі балуандардың белдесулерін тамашалады. Әр салмақтың өз мықтылары топ жарып, көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады. Ертең 55,  66, 84 және 120 келідегі балуандар жүлдеге таласады. 

Соңғы жаңалықтар