Шымкентте Еңбекші ауданының прокуроры тұтқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Шымкентте сыбайлас жемқорлықпен ұсталған прокуратура қызметкеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 наурызда Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік тобы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының қызметкері У.-ды осыған дейін алынған параның бөлігін қайтару кезінде ұстады», -  делінген ҚР Бас прокуратурасының Фейсбуктегі парақшасында.

Ақшалай қаражат азамат К.-ны қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесін шешу үшін алынған.

«Іс бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - делінген хабарламада. 


Фото: telanganatoday.com

Соңғы жаңалықтар