Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -11 °С
Алматы: 8 °С
USD 319.65 EUR 393.33
RUB 5.67 CNY 50.47
Жаңалықтар

Шымкентте екі күндік жаңбырдың соңы қарға ұласты

2018 жылғы 15 ақпан 09:30 530
Бөлісіңіз:
Шымкентте екі күндік жаңбырдың соңы қарға ұласты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте екі күндік жаңбырдың соңы қарға ұласты. Шаһар басшысы бұл ретте көктемгі тасқын жұмыстарын бір пысықтап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АУА РАЙЫ: Шығыс Қазақстанда ескерту жарияланды Синоптиктердің 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қалалық әкімдік қызметкерлері мен төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы бірлесіп, апатты жағдайларда жұмылдырылатын техникалардың сапасы мен дайындығын тексерді. Коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің бірлескен жұмыс жоспары түзілді. Бекітілген аумақтағы мекеме басшылары су тасқынының алдын алу, оны болдырмау және қолайсыз ауа-райы болған сәтте халықты көшіру мәселелерін кеңінен талқылады. Жиынды қорытындылай келе, жауапты мамандар табиғаттың тосын мінезіне тас-түйін дайын екендіктерін жеткізді.

Айта өтейік, қалада коммуналдық қызмет бөлімінде 13 мотопомпа, 11 сусорғыш көлік және 157 жұмысшы қызмет етеді. Қатерлі жағдайларға жол бермес үшін коммуналшылардан құралған бірлескен топ шаһардағы 146 шақырым арық-атызды тазалап шығатын болады. Осыған дейінгі орын алған оқыс жағдайлардан сабақ алған мамандар қазір қауіпті аймақтарды жіті бақылап, мониторинг жасап отырмыз деп сендірді. Себебі, көктем жақындаған сайын су тасқыны қаупі күшейе түсетіні белгілі.

Айта кетейік, былтыр нөсер жауын кезінде шаһардағы 12 көшені су басып, тіпті аулаларды алып кеткен болатын. Көліктер көшеден өте алмай, біраз әбігерге түскен еді. Осындай оқыс жағдайлар жауапты мамандарға биыл сабақ болған сыңайлы. Дайындықты күшейткен мамандар жайсыз жәйттерге сақадай саймыз дейді. Көшелерді су басқан жағдайда төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері су тасқыны кезінде бірлесіп әрекет етпек.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат