Шымкентте дүкендерді тонайтын қылмыстық топ ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қарақшылықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды. Төрт адамнан құралған топтың облыс аумағында дүкендер мен букмекерлік кеңселерге, жанар-жағармай бекеттерін тонап келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбекші аудандық полиция бөліміне қаладағы дүкендердің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына жеткен полицейлер беттеріне бетперде киген қарақшылардың азық-түлік дүкеніне түн жарымда баса көктеп кіріп, қарумен қорқыту арқылы 80 мың теңгесін алып кеткенін анықтаған.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 19-28 жас аралығындағы төрт күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында сезіктілер өткен жылдың қараша айында Сарыағаш ауданындағы букмекерлік кеңсені тонап, операторын қорқыту арқылы 250 мың теңгесін алып кеткенін мойындаған. Қазіргі таңда қолға түскендердің тонау бойынша 7 қылмыстық оқиғаға қатысы бар екені дәлелденіп отыр.
null

null  

Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 192-бабы «Тонау» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар