Шымкентте дүкендер мен дәріханаларды тонап келген қылмыстық топ құрықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте дүкендер мен дәріханаларды тонап келген қарақшы топ қолға түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 сәуір күні полицияға жергілікті тұрғындардың бірі шағым түсірді. Оның айтуынша, белгісіз біреулер қаладағы дәріханалардың бірінің есігін бұзып кіріп 100 мың теңгені алып кеткен.

«Тәртіп сақшылары жедел әрекет етудің нәтижесінде үш күдіктіні қолға түсірді»,-деп хабарлайды ведомство.

Анықталғандай, күдіктілер түн мезгілінде дүкендер мен дәріханалардың есіктерін бұзып кіріп, ақша және құнды заттарды алып кетіп отырған. Олардың қала аумағындағы дәл осындай 4 қылмысқа қатысы бар екендіктері анықталды.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер қамауда отыр.

Соңғы жаңалықтар