Шымкентте дауыл талды құлатып, газ құбырын ажыратып жіберген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дауыл желден шатырлар ұшып, ағаштар құлауда. Қатты жел салдарынан кей жерлерде жарық сөніп қалды.  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындардан бірнеше шағым түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Атап айтқанда, Шымкенттегі Қарасу шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен. Дәл осындай жағдай Шәмші Қалдаяқов  көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығында да орын алған. Ал Ордабасы ауданы орталығындағы Мәдениет үйінің ұшқан шатыры 500 шаршы метрді құрады. Шым шаһардағы Иляев пен Сасбұқаев көшелерінде де ағаштар құлап, жол қозғалысына кедергі келтірген. Қаланың тазалық қызметкерлері құлаған ағаштардың орнын тазартып, ретке келтіруде.

 


null

 Сондай-ақ Майлықожа көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде тал құлап, газ құбырын ажыратып жіберген.

Айта кетейік, облыстық өтенше жағдайлар қызметі бұған дейін желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететіндігі туралы хабарлама таратқан еді. Енді жел секундына 25 метрге дейін жететінін ескертуде. Оған қоса нөсер жауын жауып жатыр. Сондықтан тұрғындарды абай болуға шақырады.

null 

Соңғы жаңалықтар