Шымкентте дәмханада шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дәмхана өртеніп кетті. Тамақтанатын орыннан шыққан жалынның күшті болғаны соншалық, жанындағы тұрғын үйге өтіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Төтенше жағдай кешкі сағат алтылар шамасында қаланың орталығында болған. Байтұрсынов көшесіндегі  «Мармелад» дәмханасынан от шығып, жалын сол аумаққа қауіп төндірген. Куәгерлер өртенген дәмхананың сыртқы ауласын бейнтаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Өйткені өрт дәмхананың ауласынан шыққан. Артынша сол маңдағы үйлерге өтіп кеткен. 

Кейіннен оқиға орнына өрт сөндірушілер арнайы техникалармен жетіп, жалынды ауыздықтауға кіріскен.

Сақтық шараларын қолға алған тәртіп сақшылары жолдарды жауып, өрт сөндірушілер қолғабыс еткен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері шатырларға шығып, отты өшіріп алды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Әзірге өрттің нақты шығу себептері айтылып жатқан жоқ. Оқиға орнында  облыстық ТЖД қызметкерлері мен анықтаушылар  мән-жайды сұрастырып білді. Өрт салдарынан қанша шығын келгені жайында ақпарат таңертең белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар