Шымкентте далада табылған нәрестеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте тастанды нәрестеге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Қазір сәбиді көшеге қалдырған көкек анаға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Осы дерек бойынша Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық ІІБ Қылмыстық кодекстің «Қауiптi жағдайда қалдыру» бабымен іс қоғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тексеру шаралары қолға алынған.

Еске салайық, демалыс күні таңғы сағат сегіз жарым шамасында жеке медициналық орталықтың күзетшісі қоқыс тастайтын жәшік пен банкоматтың арасынан жаңа туылған сәбиді тауып алған болатын. Қансыраған сәбиді анасы босанған күйі тастап кеткен деген болжам жасалған-ды. Дереу жедел жәрдем көлігі шақыртылып, сәби 2-інші перинаталды орталыққа жеткізілді. Бүгін баспасөз маслихатын өткізген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев тастанды нәрестенің жағдайы ауыр екенін айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар