Шымкентте букмекерлік кеңселерді тонап жүрген қылмыстық топ ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте   Шымкентте букмекерлік кеңселерді тонап жүрген қылмыстық топ ұсталды. Топтың алты мүшесі  осы күнге дейін бес кеңсені тонап кеткенін мойындап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне букмекерлік кеңселердің бірінің 26 жастағы қызметкері арызданған. Ол белгісіз біреулер кеңсеге баса-көктеп кіріп, күзетші екеуін ұрып соққанын, кассадан 180 мың теңге алып кеткенін айтқан. Осыдан кейін жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар деген күлікпен алты күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында Төлеби ауданының 1990, 1997, 1998, 1999 жылы туған тұрғындары облыс орталығында 5 букмекерлік кеңсені тонағанын мойындаған. Ұсталғандардың сөзінше, барлық қарақшылық қылмыстарды алдын ала дайындалған әдіспен жасаған. Яғни, кеңсеге баса-көктеп кіріп, қызметкерлерге күш көрсететін болған. Кейіннен ақшаны алып, іздерін суытып отырған. Түскен ақшаны өзара бөлісіп, қажеттіліктеріне жаратыпты. Қазірдің өзінде топтың жәбірленушілерге 400 мыңнан аса шығын келтіргені анықталып отыр.

Сезіктілер қамауға алынып, оларға қатысты Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

null 

Соңғы жаңалықтар