Шымкентте бөлшектелген мәйіт табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бөлшектелген мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Зорлық-зомбылықпен өлтірілген ер адамның мәйітін екі  күн бұрын қоммуналдық шаруашылық қызметкерлері Қайнарбұлақ саяжайындағы қоқыс жәшігінен тауып алған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде адам мәйіті табылғаны туралы хабар тараған болатын. Алайда облыстық ІІД бұл мәліметті бүгін  растап отыр.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мәйіттің табылғаны туралы хабар Қаратау полиция бөлімінің кезекші бөліміне түскен.

«Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер табылған 50-55 жас шамасындағы ер азаматтың мәйіті екенін анықтады. Аталған жайт негізінде  адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды. Бірнеше сараптамалар тағайындалды» делінген баспасөз қызметі  таратқан хабарламада.

Қазір жедел-тергеу тобы құрылып, марқұмның түр-тұлғасын және күдікті тұлғаларды анықтау бойынша барлық іс-шараларды жүргізуде. 

Соңғы жаңалықтар