Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -9 °С
Алматы: 0 °С
USD 334.32 EUR 392.29
RUB 5.63 CNY 50.53
Жаңалықтар

Шымкентте бір отбасы мүшелерінің өлі денелері табылды

2017 жылғы 25 қараша 00:24 3147
Поделиться:
Шымкентте бір отбасы мүшелерінің өлі денелері табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жеке үйлердің бірінен бір отбасы мүшелерінің өлі денелері табылды. Қайғылы жағдай қаланың іргесіндегі Таскен елді мекенінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, жанұя мүшелерінің, яғни отағасы, оның жұбайы мен бес жасар баласының бақилық болғанын алдымен көршілері білген. Алайда ішке кіруге қорқып, туған-туыстарына хабарлаған. Артынша полиция шақыртқан.

«Полицейлер оқиға орнына жеткенде үйден үш мәйіт табылды. Олар 1976 және 1983 жылы туған ерлі-зайыптылар мен 2012 жылы туған ұл балаларының денесі екені анықталды. Тексеру барысында есіктерінің бұзылмағаны, ешбір заттарының жоғалмағаны белгілі болды. Денелерінен де зорлық-зомбылық белгілері байқалмады. Алдын ала болжам бойынша, үйдегі жылыту пешінен иістенуі мүмкін деген болжам бар. Қазіргі таңда бір үйден үш мәйіттің табылу фактісі Қаратау аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша өлімдерінің себебі белгілі болады»,- дейді Салтанат Қаракөзова.

Ал Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов марқұмдар көмірқышқыл газынан уланбаған болуы мүмкін деп отыр. Себебі оқиға орнына келген газға жауапты мамандар бөлмелерді арнайы құрылғымен тексеріп, оларда ысты газдың болғанын растамаған.  Сондықтан қайғылы оқиға төтенше жағдай салдарынан орын алғандығы ретінде тіркеуге алынбаған.

Қалай болғанда да құзырлы орган өкілдері жанұя мүшелерінің қандай жағдайда ажал құшқанын тиісті сараптамадан соң белгілі болатынын айтады.

 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
Мұрағат