Шымкентте базарда белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды

None
None
АСТАНА. ҚазаҚПАРАТ - Шымкентте Төле би көшесіндегі қалалық базарлардың бірінде белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды, деп хабарлады otyrar.kz. Куәлердің айтуынша, ақ түсті «Приора» «Акбар» базарының жүк көліктерін тиейтін шаруашылық ауласына келген.

Белгісіз біреулер жүк тиеушілермен сөзге келіп қалған. Куәгерлер жүк тиеушілердің бірі белгісіз адамдардың артынан тас лақтырғанын айтады. Ызаланған олар қару алып шығып, оқ жаудырта  бастаған.  Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұзақыларды  ұстау шарасы қабылданды.

null null null  

Соңғы жаңалықтар