Шымкентте барлық субұрқақтар іске қосылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте күн жылып кеткен соң қаладағы барлық субұрқақтар іске қосылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, шаһарда 21 субұрқақ бар.  Олардың басым көпшілігі 21 наурыз күні іске қосылған. Субұрқақтардың қосылу кестесі қала әкімдігінің Instagram парақшасында көрсетілген.

«Биылғы маусымда субұрқақтар жылдағындан ерте іске қосылды. Ондағы тазалау, жөндеу жұмыстары көктемге дейін жүргізіліп, 21-і  толық жаңартылды. Енді барлығы да кестеге сай қосылуда. Өшіру уақыты түнгі 23:00 деп белгіленген», - дейді әкімдік қызметкерлері.
null   

Субұрқақтардың көпшілігі таңертең  7.30-дан қосылады. Сөйтіп қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Тек екеуі ғана - Тәуелсіздік саябағы мен облыс әкімдігінің алдындағы әуенді фонтандар кешкі 20.00-де іске қосылады. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар