Шымкентте әжетханадан табылған өртенген мәйітке қатысты сот отырысы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 34 жастағы азаматты өлтіріп, денесін әжетханаға тастаған күдіктілерге қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Сот алында қолдарын қаңға былғаған Антон Быков пен Игорь Саратов жауап беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «tvk-uko» телеарнасына сілтеме жасап.  

Жауыздықпен өлтірілген 34 жастағы Денистің анасы Ирина Березинаның  айтуынша, спирттік ішімдікті тұтынған азаматтардың бірі баласының басынан күрекпен ұрса, екіншісі тұншықтырып өлтірген.

«Мен үйде болатынмын. Кешкісін маған баламның бірге тұратын әйелі қоңырау шалып, балам - Денисті белгісіз біреулердің өлтіріп кеткенін айтты. Есеңгіреген күйі сол жаққа қарай бардым. Бірақ, баламның мәйітханада екенін білдім. Негізінде, балам Саратовпен таныс болатын. Ал Быковпен таныс емес», - дейді Ирина Березина.

Сотталушыларға алқа билердің қажеттілігі болмады. Сондықтан, прокурор екі азаматқа тағылған айыппен таныстырды. Прокурордың сөзіне сүйенсек, Антон Быков пен Игорь Саратов бөтелкелестері Денисті қатыгездікпен өлтірген.

«Екі азамат мәйіттен құтылу үшін оны өртемек болған. Дененің лезде жанып кетпейтіндігін түсінген соң, ұйықтап қалған. Ертеңгісіне жәбірленушінің мәйітін сырттағы әжетханаға басымен тастаған. Қазіргі таңда екі азаматқа да ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 2 және 7-тармақтары бойынша айып тағылуда», - деп атап өтті Қаратау аудандық прокурорының орынбасары Мақсат Мошқалов.

Оқиға Қаратау ауданы Қызылсай елді мекенінде 11 маусым күні болған. Алкогольді ішімдікке сылқия тойған үшеу өзара сөзге келіп, керісіп қалған. Салдарынан Денис Ботнаревты, қасындағы екі бөтелкелесі қастықпен өлтірген. Жәбірленушінің денесін сотталушы Игорьдің анасы 15 маусым күні әжетханадан тауып алған.

 

 

Соңғы жаңалықтар