Шымкентте әйел адамды қағып өлтірген жүргізуші іздестірілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Шымкентте жас келіншекті көлік қағып, мерт болды. Қайғылы оқиға қала орталығындағы Темірлан тасжолында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Осы оқиғаға қатысты мәліметтерден белгілі болғанындай, бүгін таңғы сағат 5.30-дар шамасында 30-35-тер шамасындағы әйелді қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Жол бойында жатқан келіншекке жедел жәрдем қызметін өзге жүргізушілер шақыртқан. Алайда жаяу жүргінші ауруханаға жетпей жатып көз жұмды.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары адамды қағып кеткен көліктің сынықтарын тауып алған. Алдын ала болжам бойынша полицейлер бұл «Ваз-21014» көлігіне тиесілі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша 345 - «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347- «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» әрекеті бойынша іс қозғалды. Бірнеше сараптамалар тағайындалып, тергеуге дейінгі тексеру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ адам өліміне себепкер болған жүргізушіге іздеу жарияланды. Бұл жұмыстар Жергілікті полиция қызметіне жүктеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар