Шымкентте алғаш рет шетелдік азаматтың бүйрегі ауыстырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет шетелдік азаматтың бүйрегі алмастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында  алғаш рет тірі донордан трансплантация жасалды.

Израиль тұрғынына Украина азаматы донор болды. Күрделі отаны өңірдің трансплантолог-дәрігерлері өз күштерімен жасап шықты. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Донор ауруханадан шығарылып,  амбулаторлық емдеуге жолданды. Ал бүйрек алмастырған шетелдік стационарлық ем қабылдауда.

Бүгін бұл науқаспен  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен бірқатар дәрігерлер кездесіп, жағдайымен танысты.  Алдағы уақытта  өңірде медициналық туризмді одан әрі дамыту жоспарланып отырғанын атап өтті.

 «Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында жоғары мамандандырылған медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Шетелдік пациенттер үшін де ота жасаудың барлық қолайлы жағдайлары қаралған. Оның ішінде бірегей препараттардың қоры жасақталып, сервистік палаталар бар. Бағалары да қолжетімді болып отыр. Ота құны 4,5 млн теңге тұрады.  Ал, Еуропа мен АҚШ-та бүйрек трансплантациясының орташа құны шамамен  60-70 мың долларды құрайды. Қазірдің өзінде бірнеше науқас кезекте тұр. Олардың арасында Болгария, Румыния сияқты бірқатар шетелдік азаматтар бар»,- деді Мұқан Кеңесбекұлы.
null 

Еске салайық, 2013 жылдан бері  Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының  базасында 100-ге жуық бүйрек алмастыру оталары жасалды.

Соңғы жаңалықтар