Шымкентте әлеуметтік желі арқылы қыз-келіншектерді тонаған тұрғын ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қыз-келіншектерді  әлеуметтік желілер арқылы тонап жүрген тұрғын ұсталды. 32 жастағы алаяқ нәзікжандылардың бағалы заттары мен алтын бұйымдарын қолды етіп келіпті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жәбірленушілердің бірі 28 жастағы бойжеткен әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне арызданып келген. Ол өз арызында белгісіз біреу қала орталығындағы Ордабасы алаңында танысып, сеніміне кірген. Артынша алтын бұйымдарын алдап алып, белгісіз жаққа кетіп қалған.

Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 1985 жылы туған күдіктіні қолға түсірді. Ұсталған сезікті бұрын сотты болған Сайрам ауданының тұрғыны екені анықталды. Тергеу барысында оның алаяқтық бойынша 8 жайтқа қатыстылығы белгілі болды.

Жауап алу барысында 32 жастағы күдікті жәбірленушілерді қалай тауып отырғанын айтыпты. Белгілі болғандай, ол әлеуметтік желілер арқылы қыз-келіншектермен танысып, кездесуге шақырып отырған. Белгіленген жерде кездесіп, ұялы телефондарын немесе алтын бұйымдарын алып кетіп отырыпты. Ал, тағы бір жағдайларда ұялы телефондарын сатамын деген тұрғындармен кездесіп, олардың да байланыс құралын қолды етіп келгені анықталды. Ұрланған заттарды сатып, жеке басына жаратқан. Қазіргі таңда сезіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар