Шымкентте ақсақалға көмек көрсеткен тәртіп сақшысы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицияның аға сержанты Нұрсұлтан Аманов патрульдеу барысында мүмкіндігі шектеулі қарияны үйіне дейін жеткізіп салған. Кездейсоқ жүргіншілер полицей мен ақсақалды видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Видеоға қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды: бірі сенбеймін десе, енді бірі алғыс білдірді, тіпті кейбірі сыйақы тағайындау қажеттігін айтуда, деп жазды Оtyrar.kz.   

Сыпайы әрі ұяң Нұрсұлтан Аманов бір күнде интернет-жұлдыз боламын деп ойламаған. Шымкенттік полицейдің бұл көмегі бүкіл Қазнеттің жүрегін елжіретті. Бейнежазбада полиция қызметкері арбаға таңылған ақсақалға қар басқан жаяужолдан өтуге көмектеседі.

Интернет-қолданушылар бұл видеоның желіге қалай тап болғанына болжам жасауда және полиция қызметкерлері қала көшелеріндегі тәртіпті күзетпей, өздерін-өздері жарнамалап жүр ме деген сұрақ қойылды. Кейінірек видеоны кездейсоқ жүргіншінің түсіргені анықталды. Оның кім екенін полицей білмейді.

Аға сержанттың өзі мұны батырлық деп есептемейді. Нұрсұлтан Амановтың айтуынша, бұл үлкендерді құрметтейтін кез келген адамның парызы және мұндай қарапайым әрекетке адамдардың таңғалғаны қынжыларлық жайт.

Соңғы жаңалықтар