Шымкентте академиялық ескек есуден ел кубогы үшін жарыс аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 66 ескек есуші қатысты. Олар екі күн бойы өздерінің мықтылықтарын танытты. Аса тартысты өткен жарыстың бірінші күнінде оңтүстіктің спортшылары алғашқы алтынды жеңіп алды. Ерлер арасындағы жұптық сайыста Александр Афанасьев пен Байсангур Цатышаев жеңіс тұғырынан көрінді. 

Ал, елордалық Абдуращид Ерматов пен Артем Курочкин екінші орынды еншіледі. Екі жас ерекшелігі бойынша өрбіген сайыста командалық есепте 4 алтын, 5 күміс,  1 қола медаль алған Қарағанды облысының спортшылары 1-орынды, 2 алтын, 3 қола медаль еншілеген астаналық ескекшілер 2-орынды ұтып алса, 3-орынға бір алтыны бар Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жайғасты.

Айта кетейік, ескек есуден ауқымды жарысты өткізу Қазақстан Республикасының байдарка және ескек есуден спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Оңтүстік Қазақстан облысының байдарка және ескек есу спорты федерациясының президенті Денис Жарменовтің ұсынысымен жүзеге асқан болатын.   

Соңғы жаңалықтар