Шымкентте адам өліміне ұшыратқан жол апатына кінәлі жүргізуші тұтқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да  адам өліміне ұшыратқан жол апатына кінәлі 23 жастағы жүргізуші тұтқындалды.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

БАҚ-та, әлеуметтік желіде  кәмелеттік жасқа толмаған жүргіншілерді қаққан,  бір бала қаза тауып, екіншісі жарақаттанған оқиға жайлы түсірілген видеоматериалдар пайда болды.

Полицейлер 14 қаңтарда Шымкент қаласында Жібек жолы және Тәуке хан көшелерінің қиылысында Сайрам ауданының тұрғыны рульде болған  «Ваз-21099» аналарымен бірге жолдан өтіп бара жатқан балаларды қаққан.

Жол апаты салдарынан 2012 жылғы бала оқиға орнында мерт болды, ал екіншісі, 2007 жылғы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

29 жастағы әйел және 2015 жылғы бір сәби зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта  23 жасар  жүргізуші тұтқынға алынды.  Машина айып тұрағына қойылды. Сот алды тергеу жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар