Шымкентте 9 жастағы оқушы қызды көлік қағып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 9 жастағы оқушы қызды көлік қағып кетті. Түрлі дене жарақатын алған жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол көлік оқиғасы жайында жарақат алған қыздың анасы Инстаграм әлеуметтік желісіне суреттерін салып, жүргізушіге қатысты пікірі қалдырды.

null«Көшенің бұрылысында 2008 жылы туған 9 жастағы қызымды қағып кетті.  Жүргізуші бойжеткен отырған көлік қатты соққыдан қызымды 5 метр жерге ұшырып жіберді. Жүргізуші көліктен түсе сала көлігіме зақым келді деп айқайға басты. Ол кезде айналадағы адамның барлығы менің қызыма көмекке келді»,- делінген парақшада.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық ІІД баспасөз қызметі түсінік берді.

null«Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің кезекші инспекторы барып, рульде «Тойота-камри» автокөлігінің 1991 жылы туған жүргізуші болғаны анықтады. Қазіргі таңда автокөліктің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстінің 610-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды» делінген хабарламада.

Полицейлердің мәліметінше, жарақат алған жеткіншек ауруханадан шығарылған соң, ауру тарихы негізінде бірқатар сараптамалар тағайындалатын болады. Оның қортындысына сәйкес, ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кінәлі жүргізушіге қатысты соңғы процессуалдық  шешім қабылданады. 

Соңғы жаңалықтар