Шымкентте 9-сынып оқушысы жиырма күннен бері іздестірілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 9-шы сынып оқушысының іздестіріліп жатқанына жиырма күнге жуықтады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 жастағы Роза Расулметова Шымкенттің іргесіндегі Сайрам ауылындағы өз үйінен 2 сәуір күні түстен кейін шығып кетіп, қайтып оралмаған.

ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің сөзінше, оқушы қызды Шымкент қаласына қарасты Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіріп жатыр.

Роза Расулметованың жоғалғаны туралы ҚазАқпарат тілшісіне оның ата-анасы хабарласып айтқан болатын. «Сол күні анасы ауырып қалып, мектепке бара алмады. Түске дейін әйеліме көмектесіп, үйде болды. Ал, түстен кейін кетіп қалған. Қайда баратынын айтпаған. Біз оны келіп қалатын шығар деп кешке дейін күттік, кешкісін іздей бастадық. Туыстарымызбен қосылып төрт күн іздедік. Болмаған соң, полицияға арыздандық», - деген болатын әкесі Халматжан Ырыстаев.

Салтанат Қаракөзова өңірде жасөспірімдердің жоғалуы бойынша басқа оқиға тіркелмегенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар