Шымкентте 9-сынып оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Шымкентте  9-сынып оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті. 15 жасар Роза  Расулметованың  ата-анасы көмек сұрап,  ҚазАқпарат тілшісіне хабарласты.

Жасөспірімнің әкесі Халматжан Иристаевтың айтуынша, Роза Шымкенттің іргесіндегі Сайрам ауылындағы өз үйінен  2-сәуір күні түстен кейін шығып кеткен. Содан бері қыздан хабар болмаған

«Сол күні анасы ауырып қалып, мектепке бара алмады. Түске дейін әйеліме көмектесіп, үйде болды. Ал, түстен кейін кетіп қалған. Қайда баратынын айтпаған. Біз оны келіп қалатын шығар деп кешке дейін күттік, кешкісін іздей бастадық. Туыстарымызбен қосылып төрт күн іздедік. Болмаған соң, полицияға арыздандық», - дейді жоғалған қыздың әкесі.

Розаның ата-анасы 6 сәуір күні Қаратау аудандық полиция бөлімі мен Облыстық ІІД-ге арыз түсірген. Содан бері жасөспірім табылмай отыр екен. Тәртіп сақшылары Розаның тек ұялы телефонын тапқан. Айтуларынша,  «Гарант» дүкені маңында бір бейтаныс қыз бір жігітке сатып кетіпті. Бірақ оны кім сатқаны, жасөспірімнен қалай алғаны белгісіз күйінде қалып отыр.

«Біз өздігімізден қызымызды іздеп, оның соңғы рет кіммен сөйлескенін операторлардан анықтадық. Бірнеше нөмер табылды. Оны Қаратау аудандық полиция бөліміне апарып та  бердік.  Бірақ полициядан әлі хабар жоқ. Қызымның белгілері: бойы 1,65 м, шашының түсі қара, қысқа (үнемі буып жүреді). Көзі мен қасы қара түсті, мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысып кетеді», - дейді анасы Дилобар Иристаева.
null

Соңғы жаңалықтар