Шымкентте 70 адамның ұялы телефонын қолды еткен ұры ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте полицейлер ұялы телефондардың ұрлығымен айналысып келген алаяқты қолға түсірді.

Қазірдің өзінде оның 70 ұрлық дерегіне қатыстылығы анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.     

null  

Белгілі болғандай, күдікті қаладағы ауруханалардың бірінде бойжеткеннің ұялы телефонын қолдана тұруға сұрап алып, кейін белгісіз жаққа қашып кеткен. Танымайтын адамға алданып қалған тұрғын полицияға арызданады. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары сезікті ретінде 1984 жылы туған қала тұрғынын ұстады. Тексеру барысында оның алаяқтық, тонау және бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты 70 дерекке қатыстылығы анықталды.

null   

Өзінің айтуына қарағанда, ол негізінен ұялы телефондардың ұрлығын «кәсіп» еткен. Байланыс құралдарын сөйлесіп алу үшін сұрап алып, кейін қашып кетіп отырған. Осылайша жәбірленушілерге 5 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Ал, ұрланған телефондарды сатып, бас пайдасына жаратқан.

null  

 Қазір күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Жәбірленушілерден ұрланған заттардың жартысына жуығы иелеріне қайтарылды.

 

Соңғы жаңалықтар