Шымкентте 400-ге тарта көшеде атау жоқ

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 400-ге тарта көшеде атау жоқ. Бұл жағдай тұрғындарға медициналық және өзге де қызмет көрсеткенде қиындық туғызып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жария етілді, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, күрделі мәселені шешу жайы бірнеше жылдан бері  көтеріліп келеді.  Оның үстіне қалаға жаңадан қосылған шағынаудандар мен ондағы көшелердің де  атауы қойылмаған. Сондықтан шаһар билігі жақын күндері шағынаудандарға және көшелерге атау беру бойынша қоғамдық тыңдау өткізбекші. Сол жиынның  қортындысымен көшелерге жаңа атау берілетін болды.

Сондай-ақ, бірқатар шағынаудандар мен көшелердің атауы өзгереді. Билік бұл жағдайды 2020 жылға дейін шешу қажеттігін айтып отыр. 

Соңғы жаңалықтар