Шымкентте 4 млн теңгенің жылу және есептегіш құралдары ұрланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жаңадан салынған тұрғын үйлердің жылу және есептегіш құралдарын ұрлап жүрген сезікті ұсталды. Қазірдің өзінде күдіктінің жәбірленушілерге 4 млн теңге көлемінде шығын келтіргені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұрлықты алдын ала жоспарлап жасап отырған. Ол алдымен Қаратау ауданындағы бір үйге жасырын кіріп, 1,5 миллион теңгенің мүлкін қолды еткен. Осыдан кейін тәртіп сақшылары сезіктіні іздестіріп, ақыры қолға түсірген. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің бұл қылмыстан бөлек тағы 4 ұрлық дерегіне қатыстылығы анықталды.

«Күдікті үйлердің иесіз, қараусыз қалғанына толық көз жеткізгеннен кейін терезе арқылы ішке кіріп отырған. Сөйтіп газ пештерін, батареялар мен есептегіш құралдарын ұрлап келген» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар