Шымкентте 25 жастағы жігіт нағашы атасы мен анасын пышақтап өлтірген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 25 жастағы жігіт нағашы атасы мен анасын бірнеше жерінен пышақтап өлтірген. Оңірдің полицейлері қылмыстың ізін суытпай ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мәйітті сол үйдің тұрғындары тауып, полицияға хабар берген.

«Оқиға орнына жеткен тергеу-жедел тобы мәйіттердің тұлғасын анықтады. Олар сол үйде тұратын 1973 жылы туған әйел мен оның 1948 жылы туған әкесі болып шыққан. Криминалистердің анықтағанндай, марқұм болғандар зорлық-зомбылықпен өлтірілген. Олардың денесіндегі көптеген пышақ жарақаттары осыны айғақтайды. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1994 жылы туған азамат анықталып, ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындады»,- делінген хабарламада.

Марқұмдардың көршілері болса күдіктінің сол үйдің баласы екенін айтады. Ол нағашы атасы мен анасын аяусыз өлтіріп, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Қаза тапқан 70 жастағы қария мен оның 45 жастағы қызы ауыр дене жарақатын алған соң көмекке адам шақыра алмастан, сол жерде жан тапсырыпты. Ал, олардың өлі денелерін сол үйге қыдырып келген қарияның кенже қызы тауып алған. Бақилық болған келіншек темекі өнімдерін сатумен айналысқан көрінеді.

Қазір аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабы «Қасақана кісі өлтіру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар