Шымкентте 20-дан астам адамды тонаған ұры ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби ПБ-ге қала тұрғыны қоғамдық көлікте 16 жасар қызының әмиянын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтып шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іздестіру барысында полицейлер бұрын сотталған 1971 жылы туған жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Тергеу барысында өз кінәсін мойнына алған күдіктінің бұдан басқа құны 500 000 теңгені құрайтын жалпы саны 20 қалта ұрлығына қатысы бары анықталды. Қолда бар айғақтарға сәйкес ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Әлия Бостан

Соңғы жаңалықтар