Шымкентте 14 ұлттың биін билейтін робот таныстырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкентте әлемнің бірнеше елінен келген  ғалымдар бас қосты.  Жиында елдің әлеуметтік саяси жаңғыру жайы айтылып, білім берудің 2025 жылға дейінгі даму бағыты бағамдалды. Сондай-ақ латын графикасына көшудегі іс-әрекеттер талқыланды,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Н.Назарбаев  «Төртінші өнеркәсіптік революция: Қазақстанның ғылым, білім және мәдениет саласындағы жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2018 жылға арналған ІТ технологияның өнеркәсіпті дамытуға арналған бағдарлама бекітуді тапсырған болатын. Басқосуда ғалымдар осы ақылды технология мен цифрландыру мәселесін ортаға салды.

Польша, Малайзия, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей және Беларусь елдерінен келген ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Бірқатар мамандар пилотсыз ұшу аппараты мен  әскери мақсаттағы атмосфералық спутник жобасын ұсынды. Бұдан бөлек, инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылды.
null  

Көпшілік назарын «Меканойд» деп аталатын мына робот ерекше аударды. Ұялы телефон арқылы басқаруға болатын құлтемір 14 ұлттың биін билейді. Соның ішінде қазақтың биі «Қаражорға» да бар. 3 тілде сөйлейтін роботты Шымкенттегі №55 мектептің ұжымы Новосібір қаласынан арнайы тапсырыспен алдырыпты. Шәкірттер шетелдік құлтемірге қарап, өз туындыларын жасауға бекініп отыр.

nullАйта кетейік, халықаралық конференцияға мыңнан астам мақала келіп түскен. Оның 200-ге жуығы шетелдік ғалымдарға тиесілі. Жиында оқылған әрбір баяндама мен ғылыми еңбектер назарға алынатын болды. Әрі алты томдық жинақ болып басылмақ.

Соңғы жаңалықтар