Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды. Шым шаһардың басшысы Нұрлан Сауранбаевты бүгін қала активіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Нұрлан Сауранбаевтың кандидатурасына келісім беру үшін қалалық мәслихаттың сессиясы өтіп, халық қалаулылары оны бірауыздан қолдады. 


null 

Н.Е.Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша - экономист.

Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласында «Еңбек» компаниясының бас директоры болып бастаған.

1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Жолаушылар тасымалы» кәсіпорнының директоры, «АНПЗ» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті болған.

2002-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Инжинирингілік  және сервистік қызметтер департаментінің директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы болды.

 «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.



null

Естеріңізге сала кетсек, Шымкент қаласын бұған дейін басқарған Ғабидолла Әбдірахымов өткен аптада «Нұр Отан» Орталық аппаратының хатшысы болып тағайындалып, Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылған болатын.

null 

Соңғы жаңалықтар