Шымкентке ірі бұршақ жауды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 мамыр күні кешке Шымкент қаласында күн бұлттанып, найзағай ойнады. 

Отырар.кз  сайтының жазуынша, шамамен сағат 22.25-те жаңбыр жауып, бірнеше минуттан кейін бұршақ түсті. 10 минутқа жалғасқан табиғаттың бұл тосын құбылысы шымкенттіктерді әбігерге түсірді.

Қала тұрғындары мұз түйіршіктерінің диаметрі үш сантиметрді құрағынын айтуда. Әлеуметтік желілерде тараған суреттерге қарағанда кейбіреулер бұршақты шелектен жинаған сыңайлы.

Соңғы жаңалықтар