Шымкентік прокурорлар қылмыстық істі қарау мерзімін қысқартудың жаңа жүйесін ойлап тапты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентік прокурорлар қылмыстық істі қарау мерзімін қысқартудың жаңа жүйесін ойлап тапты. Енді ісі түсіп, ішкі істер бөлімінің алдына барған азаматтар бұрынғыдай полиция ғимаратының алдында сағаттап отырмайды. Олар үшін ішкі істер бөлімінің кіре берісінде «прокурор бейнебақылауы» орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null

Осы бақылау арқылы кез-келген азамат кезекші прокурормен тікелей жүздесіп, сағызша созылған істің себебін біле алады.

«Бұл азаматтардың уақытын үнемдеуге көмектеседі»,-дейді жобаны үйлестірушілер.

null

Бұл жүйені қадағалау органы өкілдері «прокурор домофоны» деп атады. Яғни, қылмыстық процестегі істі қарауды тергеуші немесе анықтаушы мерзімінен кешіктіретін болса, онда арызданушы немесе жәбірленуші тарап еш ойланбастан осы қондырғыны басуына болады. Яғни олар кезекші прокурормен тілдесіп, өзіне қажетті мәселе бойынша нақты жауап ала алады.

null

«Жаңа жүйе қолданысқа енді ғана енгізілді. Өз кезегінде кезекші прокурор азаматты қабылдаған соң, оған қатысты қандай да бір қылмыстық іс қозғалған болса немесе ол жәбірленуші болса оға міндетті түрде мәселенің мән-жайын 10-15 минут ішінде егжей-тегжейлі 10-15 түсіндіріп береді. Яғни, азаматтардың полиция ғимаратының алдында тергеушіні немесе анықтаушыны сағаттап күтуіне жол бермейміз»,-дейді Абай ауданы прокурорының орынбасары Дәулет Тілемісов.

null

Соңғы жаңалықтар