Шымкент зообағында 17 жылдан кейін тазқара құсы балапан шығарды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент зообағында тазқара құстары көбейіп келеді.  Жуырда ғана қанаттылардың осы түрі балапан шығарды. Мамандар оның зообақта көбеюін өте сирек құбылыс деп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша,  мұнда соңғы рет тазқаралардың балапан шығаруы 1999-2000 жылдар аралығында болған екен. Бақтағы төрт тазқараның ішінде біреуі жұптасып наурыз айында жұмыртқа салған. Соны бақылаудың нәтижесінде рационды күшейтіп, яғни берілетін қоректің құрамы құнарланды. Көп ұзамай тазқара бір балапан ашып шықты. Бүгінде көптен күткен балапанға «Қарабай» деп ат қойылған. Қазіргі таңда мамандар оның жағдайы жақсы, алдағы уақытта үлкен тазқаралардың қатарына қосылады деп отыр.

Соңғы жаңалықтар