Шымкент тұрғындары улы иіске шағымданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таң ата аулаға шыққан шымкенттіктер қала көшелерінен қолқаны қабатын қолаңса иісті сезген. Ол табиғи газ иісіне қатты ұқсайды. Экологтар ауа сынамасын алып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Otyrar.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қаладағы «104» апат қызметі мен «112» төтенше көмек қызметінің телефонына бүгін тыным болмағаны анықталды. 

«112» қызметі өкілдерінің айтуынша, бұл табиғи газ емес. Экологтар жағымсыз ауаның сынамаларын алды, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Әдетте, қаладағы қорғасын зауыты зиянды заттарды ауаға шығаратын. Арнайы комиссия өз тұжырымын кейінірек жариялайды.

«Арнайы құралды пайдаланып, ауа сынамаларын жинау жұмыстары жүргізілді. Зертханалық зерттеулерден кейін нәтижесі жарияланады», - делінген ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қаланың оңтүстік бөлігінде сезілген улы иістің табиғи газға еш қатысы жоқ. «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының мамандары бірнеше рет арнайы құралмен өлшем жүргізіп шықты. Ауада табиғи газ элементтері табылған жоқ. ТЖ қызметі де мұны растауда. Мамандардың айтуынша, ауа құрамынан шамадан мыс аммиак мөлшері анықталған.

Соңғы жаңалықтар