«Шымкент-Ташкент» бағытындағы автобустардың жол ақысы арзандады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Шымкент-Ташкент» бағытындағы автобустардың жол ақысы арзандады. Бұл туралы автовокзал қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы кезде көрші елге қатынайтын қоғамдық көліктерде жолаушылар 3200 теңгеден төлесе, енді бір адамға билет құны 2400 теңгені құрап отыр. Ал, жеті жасқа дейінгі балалар үшін жолкіре тегін. Бүгінде автобустар Ташкент қаласына тәулігіне екі рет, таңертең және кешкісін жүруде. Екі елдің шекарасындағы кеден бекетінен өткеннің өзінде бір бағытқа 3,5 сағаттай уақыт кетеді.

Еске салайық, көп жылдардан кейін Өзбекстан еліне қайта жол ашылып, екі ел арасынан бағыттағы автобустар жолаушы тасымалдай бастаған болатын. Алғашқы автобустардың легі осы жылдың 5 қаңтарында жолға шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар