Шымкент қаласының билігі 30 мамыр күні жұртты көшеге шықпауға шақырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының билігі 30 мамыр күні жұртты мүмкіндігінше көшеге шықпауға шақырды. Оның себебі ауа райының қолайсыздығына орай қабылданған шараларға байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қала әкімдігінің ресми сайтында: «Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! Құтқару қызметі 30 мамыр күні Шымкентте нөсер жаңбыр мен екпіні секундына 25 метрге жететін жел тұруы мүмкін деген ескерту таратты. Осыған орай қала әкімдігі баршаңызды мүмкіндігінше көшеге шықпауға шақырады. Қауіпсіздік сақтау үшін балаларды далаға шығармағандарыңыз жөн. Сонымен қатар, қоғамдық көлiкті қолданғандарыңыз абзал!» деген хабарландыру жазылды.

Айта кетейік, дүлей жел бүгін облыс орталығы мен бірқатар аудан тұрғындарын біраз әбігерге түсірді. Көшелер мен аулаларда ағаштар құлап, көліктерді басып қалды. Кей үйлер мен ғимараттардың шатырлары ұшып кетті. Қаланың тазалық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіріліп, тазалаумен болды.

null 

Соңғы жаңалықтар