Шымкент циркінің әртісі Түркияда өтіп жатқан «Дарындар шоуында» бақ сынауда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент циркінің әртісі Зоя Гладкова Түркияда өтіп жатқан «Дарындар шоуында» бағын сынауда.



Облыстық мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, талантты цирк әртісі бес елдің үздіктері өнер көрсетіп жатқан додада жақсы нәтижеге қол жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуеде торлы арқанмен күрделі қимылдарды жасап, әділ-қазылардың көңілінен шыққан Зоя Гладкова халықаралық байқаудың келесі кезеңіне жолдама алды. Сөйтіп, жеңіс тұғырына бір табан жақындай түсті. Соңғы бес жылдан бері өнердің осы түрін меңгерген 20 жастағы бойжеткен жартылай финалда «әуе шеңбері» қойылымын көрсететінін айтады.

«Байқауға 40- тан аса цирк өнерінің шеберлері қатысуда. Әрбір қатысушы түрлі жанрда өнер көрсетіп жатыр. Дегенмен ақтық сынға 15 қатысушы жолдама алды. Менің де жеңістен үмітім зор. Қазір дайындығымды пысықтап жатырмын»,-дейді Зоя Гладкова.

Байқаудың ендігі кезеңі қаңтар айының 25 жұлдызында басталады деп жоспарланған.

Айта кетейік, цирк әртісі бұған дейін бірнеше халықаралық байқауларда өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленген. Жуырда ол Қытайға да барып, ондағы әріптестерімен тәжірибе алмасып келген болатын.

Соңғы жаңалықтар