Шымкент базарындағы атыс қарыз салдарынан болған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Шымкенттегі базарда болған атыстың себебін анықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Полицейлер Шымкенттегі «Ақбар» базарында болған атыс ер адамдар арасында туған даудан кейін болғанын анықтады, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

null  

Белгілі болғандай, бутик иелерінің біріне бұрыңғы танысы көлікпен келіп, өрт дабылқаққышын орнатып бергені үшін қарызын қайтаруды талап еткен. Алайда ерлер арасында дау туындаған. Оның барысында «күтпеген қонақ» қару алып шығып, сырт жаққа екі рет оқ атқан. Кейін оқиға орнынан ізін суытыпты. Оның тұлғасы анықталды, қазір қолға түсіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Полицияда атыс салдарынан ешкім жапа шекпегенін айтты.  Ішкі істер органдарына ешкім шағымданбаған. 

null null 

Соңғы жаңалықтар