Шымбұлақта шаңғы спортынан балалар арасында сайыс өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында балалар арасында шаңғы спортынан сайыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, 1 сәуір күні Шымбұлақта 3-10 жас аралығындағы «CHIMBAKIDSSLALOM» әуесқойларға арналған сайыс өтеді. Қазіргі уақытта сайысқа қатысуға 85 бала (ұл, қыз) өтініш білдірген.

«Біз бұл сайысты саламатты өмір салтын насихаттау, спортқа балаларды ерте жасынан баулу мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Сонымен қатар, өз жаттықтырушыларымыздың да кәсіби шеберлігін шыңдағымыз келеді», - деді «Шымбұлақ» ТК маркетинг бөлімінің жетекшісі Владислав Семенов.

Сайыстар, «Профессор» (бугель) және «Ақ аю» трассаларында болады. Барлық қатысушы сыйлықсыз қалмайды, ал жеңімпазға бағалы сыйлық пен грамота, медаль табыс етіледі.

 

Соңғы жаңалықтар