Шымбұлақ аумағында төрт турист жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының аумағында төрт турист жоғалып кетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылдың 20 қаңтарында кешкі сағат 11-де «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының аумағында 4 турист - Чехия азаматтары жоғалып кеткен.

Оқиға орнына ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару отряды барған. Іздеу жұмыстарына кинологтар жұмылдырылды.

Алматы қалалық әкімдігінің құтқару қызметі, қалалық ІІД мен «Шымбұлақ» курортының арнайы қызметі бірлесіп жүргізілген іздеу жұмыстары 4,5 сағатқа созылған.

21 қаңтарда таңғы сағат 4.30-да туристер «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен «Шымбұлақ» шатқалы аралығынан табылған. Қазір олар қауіпсіз жерде. 

Соңғы жаңалықтар