Шығыстың төрт ғұламасына Венада ескерткіш орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Əлемдік деңгейде ғылым мен ілімнің бірнеше түріне, əдебиет пен өнерге өлшеусіз үлес қосқан Шығыстың төрт ғұламасына Венадағы БҰҰ бөлімшесі ғимараты алдында ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вена қаласындағы БҰҰ бөлімшесі ғимараты алдында төрт ғұлама - Шығыстың ұлы ғалымдарына ескерткіш орнатылды. Олар - Əбу Əли Ибн Сина (Авиценна), Омар Һаям, Əбу Райхан əл-Бируни мен Закария əр-Рəзи», - делінген БҰҰ-ның Твиттердегі хабарламасында.

Әбу Әли Әли ибн Сина белгілі - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Əбу Əли Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина. Еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ге жуық еңбек жазған. Бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жеткен. Ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.

Омар Һаям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты - Əбу-əл-Фатх Омар ибн Ибраһим əл-Һаям). Шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінен өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

Әбу Рейхан Мухаммед ибн Ахмед әл-Бируни  қазіргі Ауғанстан аумағында өмір есігін ашқан. Оқымысты-энциклопедші және ойшыл. Тəжірибелік жаратылыстану білімінің негізін қалаушылардың бірі, ғылым мен діннің шекарасын ажыратуды қарастырған білім таратудың жақтаушысы.

Зəкəрия əр-Рази (шамамен 865-926 жж.) - парсы ғалымы, дəрігер əрі философ.

Соңғы жаңалықтар