Шығыстың мыңнан аса жастары сайлауға түсіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұңғыш рет жастар мәслихатында ауқымды сайлау өтеді. ШҚО-да мыңнан астам үміткер тіркелген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жастар парламентіне түрлі жастағы белсенділер ұсынылды, олардың арасында оқушылар да, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері де, жұмысшы жастар да бар. ШҚО-дағы 500-ден астам сайлау учаскесінде мыңнан астам үміткер тіркелген. Сайлаушылар тек бюллетень арқылы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы да дауыс береді.

Ерекше айта кеткен жөн, әлемдік практикада алғашқы рет сайлаушылар әлеуметтік желіні пайдаланғалы отыр. Дауыс беру бүгін, 29 қыркүйекте аяқталады. Сайлау нәтижелері туралы ресми түрде барлық дауыстарды есептеп болған соң жарияланады. Кейін сайланған депутаттар облыс жастарын қызықтыратын мәселелер бойынша қала және аудан әкімдеріне тікелей сұрақтар бере алатын болады.

Соңғы жаңалықтар