Шығысқазақстандық қария «тірілер» тізіміне қайта қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда көзі тірісінде марқұмдар тізімінен табылып, зейнетақысынан қағылған 67 жастағы қария Виктор Сидоркин қайтадан «тірілер» қатарына қосылды, деп хабарлады www.24.kz.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Зырян қаласының тұрғыны Виктор Сидоркиннің бір ай бойы өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүргендігі туралы бейнематериал көрсетілген болатын.. Қарияның айтуынша, ол кезекті зейнетақысын алуға барған кезде қайтыс болғанын естіпті. Сондай-ақ бұл жерде емес, Қарағанды қаласында. Ол жақтың тәртіп сақшылары болса, зейнеткермен жеке бас мәліметі ұқсас бейтаныс қарияның қайтыс болғаны туралы мәлімет тіркелгенін айтқан. Шиеленіскен оқиға екі облыстағы телеарна тілшілерінің араласуымен ақыры оң шешімін тапты. Енді Виктор Сидоркинге өзінің көзі тірі екеннін дәлелдеу үшін Қарағандыға барудың қажеті жоқ. Өйткені қарияның «өлімі» туралы тіркелген актілік жазба өз күшін жойды.

 «Біздің Қазыбек би ауданы әкімдігіне ішкі істер органдары тарапынан Виктор Сидоркиннің «өлу туралы актілік тіркемесінің күшін жоюға» байланысты өтініш келіп түсті. Осыған сәйкес АХАЖ бөлімінің мамандары аталған актілік жазбаны жойды, бұл Виктор Сидоркин енді ары қарай зейнетақысын ешбір кедергісіз алып, барлық азаматтық мүмкіндіктерін пайдалана алады деген сөз», - деді Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімі аппаратының басшысы Рустам Байжанов.

 

Соңғы жаңалықтар