«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ең үздік офицерлері анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасындағы офицерлер сайысы аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелдіге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, офицерлер байқауы барысында «Үздік батальон командирі», «Үздік батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары», «Батальоннің үздік штаб бастығы» анықталған.

«Әскери бөлімдердегі байқау-сайысында іріктеуден өткен 30-ға жуық офицер дене даярлығы, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, атыс жаттығулары, саптық даярлық, мемлекеттік-құқықтық дайындығы мен Жалпы әскери жарғы талаптарын білуден емтихан тапсырып, білімдерін сынға салды. Байқау-сайысының қорытындысы Ұлттық ұлан офицерлерінің даярлық деңгейін көрсетіп, үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді. 3 кезеңнен тұратын байқау-сайысы әскердің кадрлық әлеуетін көтеру мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады», - дейді Бағдат Амангелді.

Екі күндік сайыстың қорытындысы бойынша «Үздік рота командирі» атағын 5511 әскери бөлімінің (Семей қ.) жедел мақсаттағы рота командирі аға лейтенант Тұрар Асырауов жеңіп алса, «Рота командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі үздік орынбасары» тұғырына 6699 әскери бөлімінің (Өскемен қ.) жеке атқыштар ротасы командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары аға лейтенант Еркебұлан Ерсаинов жайғасқан. Ал «Үздік взвод командирі» атағына 3514 әскери бөлімінің (Курчатов қ.) взвод командирі аға лейтенант Елдос Исин ие болған.

«Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау барысында ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Амриев Талапкер Қыдырұлы жеңімпаздарға марапаттау қағаздары мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының төл таңбасы бейнеленген арнайы белгілер тарту етті. Салтанатты шарада генерал-майор Талапкер Амриев жеңімпаздарды құттықтай келе, 2018 жылдың қаңтар айында Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында өтетін байқау-конкурсының үшінші кезеңінде Шығыстың намысын қолдан бермеуді тапсырды», - деп хабарлайды Бағдат Амангелді.

Соңғы жаңалықтар