Шығыс өңірі Ресеймен мәдени байланысты нығайтпақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ресейдің бас консулы Михаил Королевты қабылдап, мәдени байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Даниал Ахметов көрші елдің жақын орналасқан аймақтары арасында театр керуенін ұйымдастыруды ұсынған. Сондай-ақ, ол Д.Серікбаев атындағы техникалық университет қабырғасында атом саласының мамандарын даярлау қолға алынғанын атады.

«Бізде атом өндірісін дамытуға қажет бірегей өндіріс пен қажетті жағдайдың бәрі бар. Бірнеше жылдан кейін Қытаймен, Франциямен бірлесіп жылу реакторларына балама өнім шығармақпыз. Атом саласының мамандарын сол үшін өзімізде дайындаймыз» - деді Даниал Ахметов.

Ал екіжақты мәдени байланысты нығайтуға өңірлік театрларды тарту көзделіп отыр.

 «Екі жақ серіктестігі конструктивті сипат алғанын қалаймын. Мысалы, мәдениет саласында тәжірибе алмасу жұмысын жандандыру қажет. Біздің театрлар сіздерге, сіздердікі біздің өңірге сапар жасауы керек» - деді ол. 

Соңғы 1 жылда Ресей мен ШҚО арасындағы сыртқы тауар айналымы 10 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар